Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Эль-Хауз ауданында орналасты.
Мароккодағы зілзаладан қаза тапқандар саны 1 мың адамнан асты
579
оқылды

Мароккода 7,0 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1 037 адамға жетті, тағы 721-і зардап шекті. Мұндай мәліметті Корольдіктің Ішкі істер министрлігі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қыркүйекке қараған түні Марракеште 7 балл қуатымен болған зілзала, кейінгі жүздеген жылда алғаш тіркеліп отыр. Марракеш пен Агадирде ғимараттар қирады.

Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмылдырылды.

Марокколық БАҚ-тың мәліметінше, жерасты дүмпуі Рабатта, сондай-ақ Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес сияқты қалаларда сезілді.

Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Эль-Хауз ауданында орналасты. Тереңдігі – 8 шақырым. Тербелістер эпицентрден 400 шақырым радиуста сезілді.

Қуатты дүмпуден кейін жүздеген афтершок тіркелді, магнитудасы ең үлкені – 6,0.