Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.
Алматыда да ақылы автотұрақтар іске қосылады
541
оқылды

Алматы әкімдігі мәлім еткендей, тротуар түріндегі автотұрақтар 15 шілдеден 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы – «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған еді.

Медеу ауданында жаңа жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4 828-і тротуар тұрағы, 360-ы мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі – күн сайын сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін.

Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге. Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:

– «Алматы автотұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы минутына. Бұл қосымшаны телефонға Play Market және Apple Store дүкендерінен жүктеуге болады;

– almaty-parking.kz сайты арқылы

– Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық тақтадағы QR код бойынша.