Бұл фильмнің жуырда отандық телеарналарда жарыққа шығатыны да нақтыланады.
Лаңкестер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған
602
оқылды
Жуырда Қазақстан телеарналарынан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді қалай құрықтағаны туралы фильм көрсетіледі.

Сюжеттің шиеленісті тұсында бір топ радикал Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын жармақ болғаны, тағы бір тобы "Көк базар" сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздегені белгілі болады.

"Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтарына қатер төндірген террористер қалай анықталып, ұсталды? Сирия, Ауғанстандағы содырлардан нендей нұсқау алып отырған? Бұл сұрақтарға ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған "Шыңырау" эксклюзивті фильмінен тамашалай аласыздар",–делінген хабарламада. 

Бұл фильмнің жуырда отандық телеарналарда жарыққа шығатыны да нақтыланады.