Оқиға кеше Қызылорда облысы Шиелі ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда облысында екі бала өз  үйінде қайтыс болды
3,082
оқылды

11 қыркүйек күні таңертең Қызылорда облысы Шиелі кентінде орналасқан жеке тұрғын үйде екі бала газға уланып, қаза тапты. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйде табиғи газға уланып, 2017 жылы және 2020 жылы туған екі бала қайтыс болды. 

Мамандар газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғындары белгісіз газдан уланып жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Фото: pro-dachnikov.com