Астана тұрғыны өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өзі жұмыс істеген мекемеден 6,5 миллион теңге ұрлаған ер адам ұсталды
628
оқылды

Мекеме өкілі белгісіз біреудің ғимаратқа кіріп, сейфтен ақша ұрлағанын полицияға хабарлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде, Байқоңыр ауданының криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні ұстады. 

Тергеу барысында күдікті түнде темір сүйменді пайдаланып, торды сындырып, такси депосының ғимаратынан 6,5 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлағаны анықталды. 

Ер адам бұрын осы мекемеде жұмыс істеген. Сейфтің орналасқан жерін, оның кодын да білген. 

Тергеу басталды. 

Фото: polisia.kz