Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанада кездесу өткізіп жатыр, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға ресми сапармен келді", – делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің СІМ басшылары мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
Фото: Ақорда