37 жастағы күдікті ұсталды.
Астанада ер адам өзі жұмыс істеген мекеменің сейфінен 6,5 млн теңге ұрлап кеткен
929
оқылды

Астаналық тұрғын өзі жұмыс істеген мекеменің сейфінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖШС өкілі полицияға хабарласып, белгісіз біреудің ғимаратқа кіріп, сейфтен ақша ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 37 жастағы Астана тұрғынын ұрлық қылмысына күдікті ретінде құрықтаған.

Тергеу барысында күдіктінің түнде темір сүйменді пайдалану арқылы торды сындырып, Жетіген көшесіндегі такси депосының ғимаратынан 6,5 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам бұрын осы мекемеде жұмыс істеген және сейфтің орналасқан жерін де, оның кодын да білетін болып шықты. Ол ұрланған ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсап та үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.