Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген.
Жетісу облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалім ұсталды
1,856
оқылды

Жетісу облысында жалған дипломмен жұмыс істеген оқытушы сотқа тартылады. Одан бөлек мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде де бұзушылықтар анықталды.

«Жансая» жазғы лагері (Алакөл ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау құжатынсыз жұмыс істеген. Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Сенім» мекемесінде (Сарқан ауданы) мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Прокуратура материалдары бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (көрінеу жалған құжатты пайдалану). Жекелеген балалар мекемелерінде мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды, балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған (мәзірде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар жоқ).

«Барлық дерлік мекемеде техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Заңсыздықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды», – деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Фото: stan.kz