Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
Атырауда 4 жасар бала биіктен құлап кетті
578
оқылды

Атырауда 5-қабаттан құлаған 4 жасар бала мерт болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 10 қыркүйекте тіркелген.

«Жергілікті уақытпен сағат 19:30 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2019 жылғы бала құлап кеткен. Балақай әртүрлі дене жарақатының салдарынан есін жимастан қайтыс болды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.