Қызылорда қаласында қатты желдің салдарынан сауда үйінің шатыры құлап, 2 жеңіл автокөлік зақымдалды.
Оқиға бүгін, 11 қыркүйекте сағат 11.34 шамасында болған. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті.
«Бүгін Қызылорда қаласында желдің екпіні секундына 22 метрді көрсетіп отыр. Салдарынан облыс орталығындағы Қазыбек би көшесі бойындағы «Гүлжан» сауда үйінің шатыры құлап, 2 жеңіл автокөлік зақымдалды. Ғимараттың жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайды. Сол аумақтың 180 шаршы метр болатын шатыры құлады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД-нен 11 қызметкер және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.