Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.
Өзіне қол салмақ болған оқушының жағдайы белгілі болды
1,818
оқылды

Аталған жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады. Іске қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған.

Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

"Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру", –  дейді басқарма өкілдері.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

"Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.