Коуоркинг орталығы заманауи талаптарды ескере отырып құрылған және студенттерге, оқытушыларға және зерттеушілерге бірлесіп жұмыс істеуге, оқуға және ғылыми-зерттеулерге көптеген мүмкіндік береді. Бұл білім мен инновацияны біріктіру арқылы идеяларды жүзеге асыратын орталық болады.
Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дархан Біләлов ашты. Ол бұл бастаманы қолдайтынын айтып, елімізде инновациялық ғылыми-білім беру ортасын құру үшін Ұлттық ғылым академиясы мен республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
– «Біздің университет студенттер мен оқытушыларды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ең жақсы ресурстармен, соның ішінде заманауи инфрақұрылым мен жаңа құрал-жабдықтармен, кітапхана қорларымен қамтамасыз етуге ұмтылады. Жас ғалымдарды қолдауға да ерекше мән береміз. Біздің мақсатымыз – қоғам мен елдің дамуына ықпал ететін сапалы білім мен ғылыми-зерттеулерді қамтамасыз ету», – деп атап өтті Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректорының м.а. Клара ИСАКОВА.