Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Дархан Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болды
803
оқылды

Дархан Ахмед-Заки ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды», – делінген қаулыда.

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары  – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

2013-2016 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020-2022 жылдары – Astana IT University ректоры.

2022 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін — ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.

Фото: primeminister.kz