Хасар Хабылбеков бұған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Павлодар қаласының әкімі тағайындалды
1,723
оқылды

Ол әкім лауазымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізбегені үшін қызметінен босатылған Ержан Иманзаиповтың орнына келді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хасар Хабылбеков бұған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Хасар Айтпекұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар.

2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Қаржы» мамандығы бойынша және 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдады.

«Техника және технология» магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында: Павлодар облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас маманынан Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы қызметіне дейін атқарды.

2016 жылы «Казстрой Инжиниринг ПВ» ЖШС директоры болды.

2017-2021 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратында бас инспектор болды, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2021 жылы – Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2021 жылдың маусым айынан 2021 жылдың тамыз айына дейін Павлодар облысы Құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет етті.

2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдан осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында болды.