Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қостанайда қылмыстық топтан 335 келіден астам марихуана тәркіленді
628
оқылды

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті еліміздің оңтүстік өңірлерінен каннабис тобындағы есірткінің ірі партиясын жеткізу арнасының жолын кесті.

335 кг астам марихуана және 20 кг гашиш тәркіленді.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен төрт Қазақстан азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.