Шығыс Қазақстан облысында тасжолда КамАЗ-дан заңсыз ауланған 7 тонна балық тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жүк көлігінен заңсыз ауланған 7 тонна балық табылды
563
оқылды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер «Омбы-Майқапшағай» тасжолында КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан. Рульде Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны болды.

«Тексеру кезінде көліктен 280-нен астам полиэтилен пакетке салынған тиісті құжаты жоқ балық табылды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге ауылдан алып келе жатқан. Жалпы салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балығын аулағаннан мемлекетке келген материалдық шығын 50 млн теңгеден асты», – дейді полицейлер. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.