2023 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Елордада күрішті Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
2,630
оқылды

Жәрмеңкеде Қызылорда облысының шаруалары мен дихандары 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық сатылымнан төмен бағада сатылады.

Атап айтқанда, 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жеткізіледі.

Сонымен қатар, Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай аласыздар.

Жәрмеңке сағат 9:00-19:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылы №50, «ҚАЗНУИ» Қазақ ұлттық өнер университеті алдындағы алаңда өтеді.