Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы үш күнде толассыз жауған жаңбыр салдарынан кем дегенде 28 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Толассыз жаңбыр салдарынан 28 адам қаза тапты
576
оқылды

India Today телеарнасының хабарлауынша, сенбіден бері штаттың бірнеше ауданында толассыз жауын жауып жатыр.

«Кейбір ауданда екі күнде 100 мм-ден астам жауын жауса, Бахрейч пен Барабанки аудандарында небәрі 24 сағат ішінде 250 мм-ден астам жауын жауған», – делінген хабарламада.

14-15 қыркүйекте штат бойынша тағы да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр, одан кейін жаңбыр саябырсиды.

Метеорологтар Бенгал шығанағының үстінде төмен қысымды аймақ қалыптасып жатқанын ескертеді, сондықтан алдағы екі-үш күнде жағалаудағы Одиша штатында да жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.