Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата жанындағы жас сарапшылар клубының отырысы өтті.
Жас сарапшылар жаңа экономикалық үлгіні талқылады
472
оқылды

Кездесуге қатысушылар Мемлекет бас­шысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады.

Сенат Төрағасы өз сөзінде жаңа экономикалық үлгінің перспективаларына назар аударды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлік әлеуетті және басқа да маңызды фак­торларды ескере отырып, экономиканы әр­тарап­­тандыру керектігіне баса мән берді.

«Президентіміз еліміздің экономикалық сая­сатының сапалы жаңа үлгісіне көшу үшін маңызды міндеттерді белгілеп берді. Өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығы, көлік және логистика, қаржы сала­ларының серпінді дамуын одан әрі нығайту үшін кешенді шаралар қабылданады», – деді Мәулен Әшім­баев.

Сонымен қатар іс-шарада өңірлердің дербестігін арттыруға арналған бастамалардың маңызды екені айтылды. Мәулен Әшімбаев бұл қадам еліміздің одан әрі теңгерімді дамуына ықпал ететінін атап өтті. Осыған байланысты Сенат Спикері мүдделі та­рап­тарды жүйелі өзара іс-қимыл орнатуға ша­қырды.

«Әкімшілік реформалардың аясында орта­лық­тан өңірлерге бірқатар құзырет, оның ішінде салық­тарды пайдалану бойынша өкілеттіктер беріледі. Осы орайда Мемлекет басшысының реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Сенат Мәжілістегі, Үкіметтегі әріптестерімен, сарапшы­лармен және мүдделі азаматтармен бірлесіп, сапалы жұмыс істеуді көздейді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ отырыс барысында Сенат жанындағы жас сарапшылар клубының мүшелері сөз сөйлеп, жаңа экономикалық бағдарды іске асыруға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Нақты айтқанда, Desht талдау орталығының басшысы Қуаныш Жайықов, Қазақ­стан Президенті жанындағы ҚСЗИ эко­номикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская, Applied Economics Research Centre-дің консультанты Евгения Пак, жобалық бас­қару саласының сарапшысы Александр Ким, Big data-мен жұмыс бойынша аналитик Роллан Сапышев және тағы басқа сарапшылар қауым­дастығының өкілдері баяндама жасады.