Мемлекет басшысы­ның мемлекеттік қызмет­ке кірудегі артық кедергі­лер­ді жою және одан «шы­ғу» тәртібін жеңілдету жөнін­дегі тапсырмасын орын­дау мақсатында Мем­ле­кеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке кіру­ге қатысты жаңа тетіктер енгізілді.
Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалды
4,159
оқылды

Жаңашылдықтың бірі – мем­л­екеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектердің (GPA 3,33-ден жоғары) аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауа­зымдарға конкурстық ірік­теусіз тікелей тағайындалу мүм­кіндігі.

Бүгінгі күні осы тәртіппен 40 тү­лек аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға кон­курс­сыз тағайындалды.

Тағайындалған жастар – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  Л. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Е. Бөкетов атын­дағы Қарағанды университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг­рар­лық-техникалық университі және басқа да өңірдегі универ­ситеттердің түлектері.