Оқиға Алматы облысында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Балабақшадағы кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала қайтыс болды
1,354
оқылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы балабақшада бала ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен. Облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады. 

«Кеше сағат 13.08-де Еңбекшіқазақ ауданының полициясына балабақша аумағында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауылдық ауруханада көз жұмғаны туралы хабарлаған. Фактіні полиция «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша тіркеді», – деді ПД-нің басшысы Бауыржан Әленов.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. 

Бұған дейін қолы еттартқышқа қысылып қалған бала туралы жазған болатынбыз. 

Фото: yandex.kz