ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды.
Ержан Байтілес Президент Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды
834
оқылды

Ержан Байтілес ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын»,  деп жазды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында.

Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» басылымдарында қызмет еткен.

Сонымен қатар Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Президент Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.