Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Maqsut Narikbayev University Академиялық және зерттеу кеңесінің отырысын өткізді. Онда 2022-2023 оқу жылындағы жоғары мектептер мен білім сапасы жөніндегі кеңсе комитеттерінің есептері ұсынылды.
Жоғары мектеп комитеттері мен білім сапасы жөніндегі кеңсенің жыл сайынғы есеп беруі
452
оқылды

Жыл сайынғы есептік іс-шараның басты мақсаты білім беру жүйесінің ашықтығын көрсету және жоғары оқу орындарында көлденең басқару мәдениетін қалыптастыру. Есептерді Академиялық сапа комитеттерінің, Ғылым комитеттерінің және барлық жоғары мектептердің Этика комитеттерінің төрағалары болып табылатын университет профессорлары, сондай-ақ Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі офис басшысы ұсынды.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған талқылау академиялық бағдарламалар мен курстардың сапасына қатысты мәселелерді қозғады, бұрын қабылданған тәжірибені немесе тәсілдерді, тіпті реттеуді өзгертуге әсер еткен жағдайларды қарастырды. Жиі кездесетін тәжірибе бойынша студенттер «ghost writing» (жұмысты басқа студенттің орындауына тапсырыс беру) үшін оқудан босатылып жатады. Сол себепті академиялық саясатта өзгертулер енгізілді, яғни үй тапсырмалардың қорытынды бағаға әсер ету тек 20 пайызды құрайтын болады.

Мектеп комитеттеріндегі жұмыс жүктемесі де талқыланды. Мысалы жоғары мектептердің академиялық сапа комитеттері жыл сайын мыңнан астам өтінішті қарастырады, олардың шамамен жартысы (48-52%) студенттердің пайдасына қанағаттандырылуда.

Сапаны қамтамасыз ету кеңсесі (QA Office) арнайы KAZGUU Data Analytics (KDA) платформасында жиналған талдаулармен, сондай-ақ онлайн режимінде бақылауға болатын көрсеткіштермен таныстырды (студенттер контингентінің барлық параметрлері, сабаққа қатысу туралы бағалардың немесе белгілердің кез келген өзгерістері, пәндерге тіркеу қорытындыларын талдау, құзыреттерді салыстыру және т. б.).

Университет Провосты Сергей Геннадьевич Пен атап өткендей, мұндай егжей-тегжейлі талдау және есеп беру - оқу процесін ұлғайтуға  оң септігін тигізеді, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі әрбір мәселе тиянақты назарды талап етеді.

Ұсынылған барлық есептер Британдық QAA аккредиттеу шеңберінде сарапшыларға ағылшын тілінде де қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, MNU университеті QAA аккредиттеудің бірінші кезеңінен өткен Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны болды. Бұл университеттің білім берудегі жоғары сапа стандарттарына деген ұмтылысын көрсетеді.