Атырау қаласының прокуратурасы құрылыс салушылардың заңсыз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Aikyn.kz Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Үлескерлерден 650 миллион теңге жинаған құрылтайшылар қамауға алынды
767
оқылды

Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 миллион теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.

Себебі, үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.