«Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы болып қайта құрылды.
Банкаралық есеп айырысу орталығы Ұлттық төлем корпорациясы болып өзгерді
956
оқылды

«Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) қайта құру жолымен Ұлттық төлем корпорациясы болып қайта құрылды, - деп хабарлайды Ұлттық Банкі сайтында.

Ұлттық Банктің ережесі мен құрылымына, сондай-ақ ҚҰБ еншілес ұйымдарының құрамына тиісті өзгерістер енгізілді. ҰТК құру ҚҰБ директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген.

Ұлттық төлем корпорациясы нарықтың барлық қатысушысы үшін тең қолжетімділік қағидаты бойынша ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

ҰТК ҚБЕО-ның заңды мұрагері болып табылады және төлем нарығына қатысушылар үшін сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастырады, оның ішінде банкаралық клиринг, банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу бойынша қызметтерді көрсетіп, қашықтан цифрлық сәйкестендіруді жүзеге асырады.

ҰПК функциялары мен міндеттеріне цифрлық қаржылық инфрақұрылымды одан әрі дамыту да, оның ішінде «Цифрлық теңге», Open Banking жобаларын іске асыру арқылы кіреді.

ҚБЕО-ны Ұлттық төлем корпорациясы етіп қайта құру елдегі төлем инфрақұрылымының тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын одан әрі арттыруға, сондай-ақ инновациялық өнімдерді енгізіп, қаржы секторын цифрландыру қарқынын жеделдетеді.