Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Петропавлда құрылысшы балшықтың астында қалып көз жұмды
977
оқылды

Петропавлда құрылыста жүрген ер адамның үстіне балшық құлап, жұмыс орнында қаза тапты.

Қайғылы оқиға кеше кешқұрым болған. Құрылысшы жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.

«14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.