Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.
Жемқорлардың тізімі жарияланады
3,160
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың тізімін жариялауды жоспарлап отыр. Тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі көрсетіледі, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
 
Бұл жұмыс берушілерге үміткерді жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.
 
Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.
 
"Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда", – деп жазылған хабарламада.
 
Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.