Оқиға Амангелді ауылында болған.
"Ес-түссіз жатқан ұлын анасы тауып алған": Қостанайда үй маңынан басына оқ тиген ер адам табылды
1,433
оқылды

Қостанайда үй маңынан басына оқ тиген ер адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға Амангелді ауылында болған. Таңертеңгі сағат бесте үйлердің бірінің маңында басына оқ тиіп, ес-түссіз жатқан 35 жастағы ер адам табылған. Оны анасы тапқан, осылайша, дереу жедел жәрдем шақырған. Ал кейін басында пневматикалық оқ бар ер адам ауруханаға жатқызылды.

"Оқиға орнын тексеру кезінде тіркелмеген пневматикалық тапанша табылды, оны кез келген жерден сатып алуға болады. Мылтық сараптамаға жіберілді. Қазір полиция іс жүргізу үшін мән-жайды тексеріп жатыр", – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды.