Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз болады.
Қостанай облысының батысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстікте және облыс орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бұрылып, соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тау асуларында күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады.