Күдікті полиция басқармасына жеткізілді.
Шымкентте жанармай ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
710
оқылды

Шымкентте жанармай құю бекетінен дизель ұрлаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды.

Жанармай құю бекетінің қоршауынан канистр көтеріп өтіп бара жатқан ер адамды полицейлер бейнебақылау камераларынан байқап қалған. Оқиға орнына бірден жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен Абай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жақындап келе жатқан полиция көлігін көрген күдікті дизель отынының канистрлерін шөпке тығып қойған. Содан көлігінің капотын ашып, оны жөндеп жатқандай кейіп танытыпты.

«Күдікті полиция басқармасына жеткізілді. Сол жанармай құю бекетінде газ құюшы болып жұмыс істейтін ер адамда қойманың да кілті болған. Ұрлық жайтын Абай аудандық полиция бөлімінің анықтаушылары тергеп жатыр. Жақында қылмыстық іс сотқа жіберіледі» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.