Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отыры­сын­да депутаттар үш халықаралық ке­лі­сімді ратификациялау туралы заңдар­ды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ сена­торлар өздерінің депутаттық сауал­дарын жолдады.
Отандық киноиндустрияны дамыту маңызды
639
оқылды

Күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі ту­ралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хат­таманы ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мем­лекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралым­дарының уақытша болуына байланысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі келісімді рати­фикациялау туралы» және «Ұжымдық қауіп­сіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар қаралды.

Аталған заңдардың бірінде «үйлестіруші мемлекеттің» болуын көздейтін норма бар. Бұл ҰҚШҰ-ның бітімгершілік контингентінің БҰҰ аясындағы бітімгершілік операцияларға қа­тысуы үшін қоятын Біріккен Ұлттар Ұйымының талабы екенін атап өткен жөн. Мұндай мем­лекет логистика, контингентті тасымалдау және қаржы мәселелері бойынша БҰҰ-мен өзара іс-қимыл жасау үшін айқындалады. Өз кезегінде, ҰҚШҰ-ға мүше әр мемлекет бітім­гершілік операцияларға қатысу дәрежесі ту­ра­лы шешімді дербес және ерікті түрде қабыл­дайды.

«Қаралған заңдар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметіне қатысты жекелеген мәселелерді реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, ұйымның бітімгершілік әлеуетін Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар заңдар аясында мүше-мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету, материалдық-техни­калық және медициналық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың негіздері мен шарттары анықталады. Осы заңдар ұйым­ның бейбiтшілік пен тұрақтылықты нығайту жо­лын­дағы іс- шараларының тиімділігін арт­тыруға он үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар палата отырысында сена­торлар депутаттық сауалдарын жолдады.