Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция бірлесіп, радикалды діни ұяшықтың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
609
оқылды

Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен 2 Қазақстанның азаматы ұсталды.

Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мазмұндағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.