Парламент Мәжілісінің Төрағасы Президент Жолдауының басты құндылығын атады.
Ерлан Қошанов Президент Жолдауының басты құндылығын атады
793
оқылды

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауы логикаға, прагматизмге негізделген. Мәселен, былтырғы Жолдауында саяси реформаларды жариялады. Бұл саяси ұйымдардың жаңаруына, жаңғыруына негіз болды. Мұның ішінде Парламент, Үкімет, жергілікті мәслихаттар жаңарды. Президент сайлауын өткіздік, әлеуметтік әділеттілікке жол ашылды. 

Осындай ілкімді саяси істер экономикалық дамуға бастады", - деді Ерлан Қошанов. 

Ол Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы жаңа экономикалық модель құруға, жаңа экономикалық саясатты жүргізуге бағытталғанын атап өтті. 

"Жолдаудың ерекшелігіне тоқталсақ, маңызды құжаттың идеологиялық сипатына қарағанда, практикалық жүгі басым. Екіншіден, бұл экономикамызды қайта түлетуге бағытталған. Бұл дегеніміз біздің ендігі бар күш-жігеріміз экономиканы ілгерілетуге жұмсалады деген сөз. Ал мұндай шаруа әлеуметтік әл-ауқатының артуына алып келеді. Бұл Жолдаудың басты құндылығы да осы", - деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы.