Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ер адамға дәрменсіз күйде тұрған екі адамды өлтірді деген айып тағылды (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1), 3) тармақтары).
Сотта анықталғандай, былтыр 10 қазанда сотталушы жұбайымен және оның әріптесімен бірге алкогольдік ішімдік ішу барысында олардың арасында жанжал туындайды. Кейін барлығы демалуға ұйқыға жатады. Таңертең сотталушы масаң күйде түнде болған жанжалдан кейін жұбайына және оның әріптесіне қастандық жасап, кереуетте ұйықтап жатқан әйелдерг ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасайды. Пышақ жарақаттарынан екі әйел де сол жерде қайтыс болды.
Сот талқылауы барысында анықталған мән-жайларды ескеріп, сот оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары сот тарапынан толық көлемде қанағаттандырылып, сотталушыдан материалдық және моральдық залал ретіде 20 млн теңгеден аса ақша өндірілді.