Актер Рамазан Амантай Динара Сәтжанға берген сұхбатында жақын қарым-қатынас болатын рөлге түсуге әйелінің рұқсат бермейтінін айтты, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Рамазан Амантай: Әйелім жақын қарым-қатынас болатын рөлге түсуге рұқсат бермейді
1,862
оқылды

Сұхбатта түрлі тақырыптар қозғалды. Актер әйелінің қызғануына себеп бермейтінін айтты. 24 жастағы бір баланың әкесі отбасы жауапкершілігін сезінеді екен. Журналистің жақын қарым-қатынас, яғни, жұп болып түсетін рөлге жарының қалай қарайтынын сұрағанда, бірден келіспейтінін айтты. 

 «Әйелім рұқсат бермейді. Иә, мен подкаблучникпін. Жануарлар ішінде ең подкаблучник, ол - арыстан. Егер подкаблучник болсаң, демек арыстансың. Мен бүкіл әйелімнің айтқанымен жүрмеймін. Бірақ әйелімді сыйлаймын. Сол үшін өзім де келіспеймін. Болашақта не боларын білмеймін», - дейді актер.

Мал тауып жатса  отбасының ақшаны әкелмей жатып жоспарлайтынын айтты. Тапқанымды анама, әкеме және әйеліме беремін дейді актер. Ақша тапса да, таппаса да ата-анасының қолдайтынын айтты. Ата-анасы мемлекеттік қызметкер болған соң оларға қарағанда көп ақша табатынын жасырмады.

Еске сала кетейік, Рамазан Амантай жақында ғана «Әкеге апарар жол» драмасын жарыққа шығарған еді. Дубайда жабық көрсетілімін жасады.