Атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қай облыстарда үсік жүреді?
9,614
оқылды

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.