Максим Горький көшесінде орналасқан 10 қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, алған жарақаттарынан мерт болды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша оқиға орнына аттанды. Фельдшерлер діттеген жерге үш минутта жетті", – делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен ақ халаттылар 2009 жылғы қыздың өлімін тіркеді.