Алматыда әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдікті ұсталды.
Алматыда әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды
1,921
оқылды

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматының 1982 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Екі немесе одан да көп адамды өлтіру") және 99-бабы 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

Еске салайық, 2023 жылғы 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле ауданының ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. Күдікті қылмыстың іздерін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген.