Рейс қазір резервтік ұшақпен ұшқалы жатыр.
Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ қайта оралуға мәжбүр болды
1,629
оқылды

Бүгін Алматыдан Ташкентке бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды, оған техникалық ақау себеп. Бұл туралы "Air Astana" компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«17 қыркүйекте А320 ұшағымен Алматы-Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсін орындаған кезде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты ұшақ ұшып шығу әуежайына оралды. Қону штаттық режимінде өтті. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілді. Рейс қазір резервтік ұшақпен ұшқалы жатыр», – делінген компанияның ресми хабарламасында.