Ол үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атаққа таласты.
Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды
1,257
оқылды

Қазақстандық спортшы, 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Әлемнің 829-шы, осы жарыстың 3-ракеткасы А. Сағындықова финалда дүниежүзілік рейтингте 1 253-орында тұрған үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партия тартысты болып, тай-брейкте Аружан сәтті ойнады  – 7:6 (8:6).

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Сөйтіп, Аружан Сағындықова маңызды жеңісіне қол жеткізді.