251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді. Кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.
311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапқа тартылғандар қатарынан ақталды.
Бұған дейін ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан берілетіні туралы жазған болатынбыз.