Астанада жолаушы әйел такси жүргізушісінің әмиянын ұрлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Такси жүргізушісін тонаған жолаушы әйел ұсталды
998
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, полицияға такси жүргізушісі көлігінен ақшасы бар әмиян жоғалғаны туралы арызданған. 

Ер адам әмиянның жоғалғанын жолаушы әйелді көрсетілген мекенжайға жеткізіп салған соң кейін білген. 

Тергеу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

Межелі жерге жеткен бойжеткен жүргізушінің назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, көлік панелінде жатқан әмиянды жымқырған. 

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Фото: smotrim.ru