Әлеуметтік желіде имамды құттықтаған пікірлер көбейіп жатыр.
Мешітте тұратын Нұрлан имам үйлі болды
10,281
оқылды

Көпшілікке TikTok  әлеуметтік желісі арқылы танылған имам Нұрлан Байжігітұлы үйлі болды, – деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Нұрлан Байжігітұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Ал күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы имамның жаңа қонысына барып, шашу шашты.
Видеодан Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашумен кіргенін көруге болады. Желі қолданушылары Нұрлан имамның бұл жаңалығына қуанышты екенін жарыса жазды.

«Үйі жоқ деп еді, жақсы болған екен», «Құтты болсын! Берекелді шаңырақ болсын», «Қоныс құтты болсын, іші жанға, сырты малға толсын», «Шын жүректен қуаныштымын», «Керемет жаңалық», «Қоныс құтты болсын», «Өзім үй алғандай қуанып отырмын» деген сарындағы пікірлер көп.

Бұған дейін ол мешітте тұратынын айтқан еді.

«Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді», – деген болатын имам Нұрлан Байжігітұлы.