Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Ақтөбеде ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалған
678
оқылды

Ақтөбе полицейлері микроқаржы ұйымына жасалған қарақшылық шабуылды ашты, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"15 қыркүйекте кешкі уақытта ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен қара көзілдірік киген белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 миллион теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР ҚК-ның 192-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалғаны айтылды.