Алайда, ол өзінің заңсыз әрекеттерін баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де және қамқоршылықты қысқартқаннан кейін де жалғастыра берген.
Петропавл тұрғыны жетім баланы пайдаланып, оның баспанасын заңсыз жалға беріп келген
1,300
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалану арқылы, кәмелетке толмағанның құқықтарын дөрекі бұзушылықты анықтады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, Петропавл қаласының әкімдігімен  бекітілген қамқоршы С.  өзінің құқықтарын асыра пайдаланып, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің талаптарын бұза отырып, қамқоршылық органының рұқсатынсыз ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерлерін заңсыз жалға беріп келген.

"Алайда, ол өзінің заңсыз әрекеттерін баланы балалар үйіне қайтарғаннан кейін де және қамқоршылықты қысқартқаннан кейін де жалғастыра берген. Анықталған бұзушылықтар бойынша  қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау туралы сұрақты қоя отыра заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді", делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ 2023 жылы 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша  Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы, яғни "Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.