Бұған дейін 86 келі салмақта қазақ балуаны Азамат Дәулетбеков қола жүлде алған болатын.
Тарихи жеңіс: Еркін күрестен Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды
2,636
оқылды

Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан Сербияда өткен чемпионатында алтын жеңіп алды.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалда Осман Нурмагомедовпен кездесті.

Кездесу басынан балуандар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Әзербайжандық балуан әдіс қолданып, алғашқы ұпайын еншіледі. Одан кейін Ризабек әдіс қолданып, таразы басын теңестірді. Соңғы сәтте ол тағы айласын асырып, ұпайын молайтты.

Нәтижесінде Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.