Оған Үкімет басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етеді.
Қазақстан 2020 жылдан бері АӨСШК-нің төрағасы міндетін атқарып келеді. Жиын барысында АӨСШК Бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай АӨСШК-нің қызметі туралы баяндама жасайды. Жоспар бойынша, Министрлер кеңесі ұйымды нығайтуға және Азияның жаңа жаһандық рөліне бейімдеуге бағытталған реформалардың сегіз нақты бағытын көрсететін АӨСШК Трансформациясының жол картасын бекітеді. Біртіндеп трансформациялау үдерісі 2022 жылы қазанда Астанада, Қазақстанның 1992 жылы БҰҰ қабырғасында ұйымды құру бастамасына 30 жыл толу мерейтойы құрметіне орай ұйымдастырылған АӨСШК VI саммитінде басталған-ды.
Жол картасы ұйым жарғысын әзірлеу, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеу секілді ашық және толық емес тізбесі бар трансформация үдерісінің құрылымдық күн тәртібі мен жетекші құжаты ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ АӨСШК, бюджет және кадр реформасы және басқа да тақырыптар қамтылады.
Фото: dknews.kz