Бекітілген кестеге сәйкес, электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыстар жүргізілсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаның жөндеу аяқталды.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 25,3 мың шақырым электр желілерін, 567 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 22,7 мың шақырым электр желілері, 514 қосалқы станса, 3 466 тарату пункті мен трансформаторлар бойынша жұмыс аяқталды.
Риддер ЖЭО-да мердігерлік ұйымдар 6 қазандықтың барлығында жөндеу жұмысын жүргізуде.
№2 және №3 қазандықтар қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі.
Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Сондай-ақ «ОАЭК» акционерлік қоғамының есебінен қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар жөнделеді.
Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-ның дайындығы бақылауда. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады.
Фото: yk-news.kz