Бұрын балаға Kaspi Gold-ты тек анасы немесе әкесі аша алатын. Енді Kaspi.kz Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, бұл қызметті қорғаншылар мен қамқоршыларға да қолжетімді жасады.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе:
«Біз қазір балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқорлығындағы балаларға қамқоршылар да аша алатынын қуана хабарлаймыз. ҚР Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, біздің команда тез арада осындай онлайн сервисті құрды. Балаға арналған Kaspi Gold арқылы сіз балаларға қажетті шығындар үшін ақша аударып, қаржылық сауаттылық негіздерін үйрете аласыз. Біздің сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рақмет!»
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов:
«ҚР Білім министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Kaspi.kz-пен бірге біз қорғаншылар мен қамқоршыларға қосымша қағаз сертификаттарын бермей-ақ балаларға Kaspi Gold картасын ашуға мүмкіндік беретін сервисті іске қостық. Қызметтердің онлайн қолжетімділігі оларды алуды жеңілдетеді және азаматтар мен қызмет көрсетушілер арасындағы байланысты болдырмайды».
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин:
«Екі жыл бұрын ҚР Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, соның ішінде банктік қосымшаларға енгізуді бастадық. Бүгінде біз кейбір қызметтердің eGov-қа қарағанда танымал екенін көреміз. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында Kaspi.kz қосымшасындағы қызметтердің саны артып келеді, енді қамқоршы балаға банк картасын ашуға мүмкіндік туды, сол арқылы біз бизнесті дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береміз».