Астанада балалар алаңынан әйел адамның мәйіті табылды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан балалар алаңы маңында полиция қызметкерлерінің жерде жатқан адам денесін жауып жатқанын көруге болады.
«19 қыркүйекте «Каскад» тұрғын үй кешені маңындағы ауладан әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді видео авторы.
Аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген елордалық Полиция департаменті адам өлімі туралы ақпаратты растады.
«Әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұм Астана қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген ПД хабарламасында.